• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның бизнес-делегациясы 2015 жылдың қыркүйегінде Сингапурге барады

Қазақстанның бизнес-делегациясы 2015 жылдың қыркүйегінде Сингапурге барады

15 Сәуір, 2015 12:49
Қазақстандық бизнес-делегация 2015 жылдың қыркүйегінде Сингапурге барады, деді «KAZNEX INVEST» АҚ инвестициялармен жұмыс департаментінің директоры рахат Мұхтаров Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында.

«Бұл форум танысу шарасы. Ағымдағы уақытта меморандумдардың жүзеге асуы жоспарда жоқ. Біз сингапурлық бизнес-миссиялар мен қауымдастықтармен байланыс орнатудамыз. Олардың құрамына 20 мың компания кіреді. Осы жылдың қыркүйек айында Сингапурге барамыз, іскерлік дәрежеде кездесу өтеді», - деді Р.Мұхтаров.

Қазақстан менСингапурдың әлеуетті ынтымақтастық саласы болып: IT, транспорт, коммуникация, инфрақұрылым мен химия болып есептеледі.

Сондай-ақ, Қазақстан сингапурлық компанияларды тарту мақсатында визалық кедергіні жою туралы жұмысты қарастыруда.

ҚР ИДМ инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров  айтқандай, бүгіннен бастап Сыртқы істер министрімен осы шараға байланысты келіссөздер жүргізіледі.

«KAZNEX INVEST» АҚ ақпараты бойынша, 2005-2014 жылдар аралығында Сингапурдан Қазақстанға келген тікелей инвестиция көлемі 60 млн долларды құрады. Қазақстан Сингапурға 900 млн доллар инвестициялаған. Сауда айналымы екі елдің арасында 170 млн долларды құрады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар