- Басты
- Жаңалықтар
- Рената Евсеева: «Сенің дауысың – сенің болашағың!» жобасына қатысуға Отаныма деген махаббат шабыттандырды
Рената Евсеева: «Сенің дауысың – сенің болашағың!» жобасына қатысуға Отаныма деген махаббат шабыттандырды
«Отанға деген махаббат ел мүддесін өзіңдікінен жоғары қою, яғни өз елің үшін қолдан келгеннің барлығын жасау деген сөз. Бұның барлығы мені аталмыш байқауға қатысуға итермеледі», - деді ол.
Оның айтуынша, жұмыс идеясы Наурыз мерекесін тойлау кезінде келді. Суретте көк аспан, таулар, ортасында көк шөптің үстінде үш қыз - түрлі ұлт өкілдері бейнеленген. Суретшінің айтуынша, бұл Батыс, Шығыс пен Қазақстанның үш символикалық бейнесі.
« «Сенің дауысың-сенің болашағың» байқауына қатысты менің тілегім, елдің барлық азаматтары ел үшін маңызды шарада шетте қалмай, барлығы белсенді сайлауға қатысуын қалаймын. Адамдар бұл жайтқа бей-жай қарамауы керек, бұл елдің болашағы үшін маңызды іс», - деді Р.Евсеева.
Жас суретші кішкентай кезінен машықтана бастаған. Оның туындыларының ішінде табиғи пейзаждар көп кездеседі. Бүгінде ол 500-ден артық суреттің авторы. Оның көптеген туындысы АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей мен Жапония елдерінің туындыларымен үндескен. Оның жоспарында алдымен сурет көрмесін Талдықорғанда сосын елдің өзге қалаларында өткізу бар.
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда басталған постерлер байқауы 20 сәуірге дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.
Аталған жобаға отандық шоу-бизнес жұлдыздары да қолдау көрсетті, олардың қатарында Нұрлан Албан, Мұрат Мұтырғанов, Әли Оқапов, «Ringo» тобы, Сабина Алтынбекова, Мақпал Исабекова бар. Олар барша қазақстандықты үздік постер авторларын таңдауға қатысуға шақырды.
Байқау «Sailau2015.el.kz» арнайы платформасы аясында «El.kz» әлеуметтік желісі алаңында өтіп жатыр.
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында