- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жергілікті жерде өндірілген тауарларды сатып алу көлемі 6 триллион теңгені құрайды
Қазақстанда жергілікті жерде өндірілген тауарларды сатып алу көлемі 6 триллион теңгені құрайды
«Жергілікті қамту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының ажырамас бөлігі, ол отандық тауарлар мен қызметтердің жергілікті нарықта барынша кеңінен орын алуын қамтамасыз етеді»,-деді Б.Атамқұлов.
Оның сөзінше, 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ жүзеге асыру барысында жергілікті қамту бағдарламасы 23 миллион теңгені, тауарлар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілерден алу арқылы игеруге мүмкіндік берді.
«Қазіргі таңда сатып алулардың жалпы сомасы шамамен 9 триллион теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті қамту деңгейі 5,9 триллион теңге»,-деді Жауапты хатшы.
Бұған қоса, Б.Атамқұловтың айтуынша, ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алулар жүйесінен сатып алу жөніндегі талап тоқтатылады. «2015 жылдың 1-қаңтарына дейін бекітілген жер қойнауын пайдаланушылармен келісімде көрсетілген жергілікті қамту бойынша қойылатын талаптар 2023 жылға дейін күшінде болады»,-деп жалғады сөзін министрлік өкілі.
Бұған қоса, Б.Атамқұловтың сөзінше, Қазақстанның еуразиялық ықпалдастығы мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары отандық тауарларды қолдау шараларын шектейді.
«Қазіргі таңда министрліктер мен ұлттық компаниялар тарапынан отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді келісімдер жасау жұмыстары жалғасуда. Ұлттық холдингтер желісі бойынша аталмыш талап өзінің күшін келесі жылы жояды»,-деді Б.Атамқұлов.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары