- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері жөнінде семинар өтті
Алматыда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері жөнінде семинар өтті
Семинар жұмысына Ортсайлауком Төрағасының орынбасары В. Фоос, Ортсайлауком мүшесі Л. Сүлеймен, ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М. Мұхаметова, Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Доспанов, қаланың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен мүшелері, аудан әкімдері аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдары, прокуратураның, ІІД-нің, ХҚКО-ның өкілдері, халықаралық және отандық байқаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қатысты. Барлығы шамамен 2800 адам.
Жиналғандарға арналған сөзінде В. Фоос: «алдағы Мемлекет Басшысының сайлауы – бұл сайлау процесіне қатысушылардың бәріне үлкен жауапкершілікті жүктейтін ел өміріндегі маңызды саяси оқиға», - деп атап көрсетті.
«Спикерлердің сөйлеген сөздері, сондай-ақ белсенді пікір алмасу барлығыңыз үшін пайдалы болатынына, ал бүгін алған мағлұматтарды учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі өздерінің тікелей жұмысында табысты пайдаланатындарына сенім білдіремін», - деді ол.
Негізгі баяндамашы ретінде Ортсайлауком мүшесі Л. Сүлеймен сөз сөйледі, ол сайлау науқанын дайындау мен өткізуге байланысты сайлауды ұйымдастырушылар қызметінің негізгі аспектілерін, сондай-ақ дауыс беру күні олардың тікелей жүзеге асыратын сайлау рәсімдерін жан-жақты баяндады.
Электораттық науқанды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
ҚР ОСК аппараты қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі М. Мұхаметова іс-шараға қатысушыларға сайлауды қаржыландыру тәртібі туралы айтып берді.
Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж. Өмірәлиевтің сөйлеген сөзі Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі сайлау науқанын өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға, сонымен қатар сайлау заңнамасының нормаларын бұзушылықтың құқықтық салдарына арналды.
Сайлау барысын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы Сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның Алматы филиалының төрағасы К. Шайх баяндады.
"Болған ортақ пікірталас шеңберінде семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің неғұрлым өзекті мәселелерін, сайлау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы тиімділігін арттырудың нысандары мен әдістерін, сонымен қатар сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады", - делінген хабарламада.
Талқылауды қорытындылай келе, Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Доспанов: «Біздің ортақ және негізгі мақсатымыз – бұл сайлау науқанын сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу», - деп атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері