- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Рәсімнен кейін Қытай басшысымен өткізілген сұхбат кезінде қазақстан-қытай екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, алда жоспарланған жоғары деңгейдегі сапарлар талқыланды.
Си Цзиньпин ҚР мен ҚХР ықпалдастықтың түрлі салаларында әлі көптеген жобаларды ілгерілетіп, жүзеге асыруы тиіс деп атап өтті.
«ҚХР басшысы «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын алғаш рет 2013 ж. қырқүйекте Назарбаев Университетінде жария еткенін ерекше атап өтті. Осы орайда, бұл бағытты екіжақты ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп дамытуға үміт білдірді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Н. Назарбаевқа жылы сәлемін жолдады», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, Шахрат Нұрышев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан жолданған жылы лебізі мен сәлемін жеткізді.
Қазақстанның Елшісі, сонымен қатар, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинның «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамалары бір-бірін өзара толықтыратынын және олардың іске асырылуы Қазақстан мен Қытай қатынастарын зор нығайтатынын атап өтті.
Ш. Нұрышев қазақстандық тарап Қытаймен екіжақты және көпжақты форматтарда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары