• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша 36 мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша 36 мектеп пайдалануға берілді

15 Сәуір, 2015 14:34
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 36 мектеп және 10 балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігі арасында мемлекеттік бағдарламанға қол жеткізу бойынша Меморандумға  қол қойылды. 

Қазіргі уақытта облыста 528  мектепке дейінгі ұйым қызмет жасайды (260 балабақша (29 жеке), 268 шағын орталық, контингенті 43,4 мың баланы құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 64,5%, 3-тен 6 жас аралығында - 87% құрайды. Байғанин, Ырғыз, Қобда, Мартук, Темір, Ойыл және Шалқар аудандары 3-тен 6 жас аралығындағы балаларды  100%  қамтуға қол жеткізді. 

Орта білім беру жүйесінде 119,0 оқушы контингентімен 429 мектеп қызмет жасайды.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында 36 мектеп және 10 балабақша пайдалануға берілді. Үш ауысымды мектеп саны 3 бірлікке азайды, апатты жағдайдағы мектеп саны 4 бірл.

Жыл сайын білім беру мекемелерінің  материалды –техникалық негізі жақсаруда. Бүгінгі күні облыс бойынша 57,3 % пәндік кабинеттері жаңа нұсқамен жабдықталды. Кең жолақты интернет желісіне қосылған мектептердің пайыздық көрсеткіші өсіп, 83,4 % құрады.

Балалар үшін жасалған қолайлы жағдайлар білім сапасына әсер ететіні белгілі. Соңғы үш жыл көлемінде Ақтөбе облысының ҰБТ нәтижесі айтарлықтай жақсарды. Республика бойынша  2014 жылы ҰБТ қорытындысында Ақтөбе облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі 3-орында.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға  2 ПМПК, оңалту орталығы, жалпы білім беру мектеп жанындағы 69 логопедиялық пункттарі және 11 психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттерімен тұрақты коррекциялық қолдау   көрсетіліп отырады.

Колледждер жүйесі 42 бірлікті құрайды. Оның 25-і мемлекеттік, 17-і мемлекеттік емес. Барлық студенттер контингенті  саны 33,0 мың, студент мемлекеттік тапсырыс бойынша  12,4 мың оқиды, 1,2 мың студент мемлекеттік емес колледждерде білім алады. 2014 жылы күндізгі бөлімді 7245 студент бітірді және 5553 немесе 77% жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі кадрлар даярлау бағыттары бойынша техникалық  және технологиялық - 56,1%, ауылшаруашылығы -19,8%, медициналық мамандықтар-7,3%, білім-6,0%, экономика және сервис-4,8%, тау-кен өнеркәсібі-4,2%, мәдениет-1,8%-ды құрайды. 8 жетекші колледждерде  дуалды оқыту элементі енгізілді.

Барлық жаңалықтар