- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның халықаралық тұсаукесерге дайындығын тексерді
ҚТЖ «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның халықаралық тұсаукесерге дайындығын тексерді
«ҚТЖ» АҚ хабарлағандай, АЭА-тың тұсаукесерге дайындығын «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары барысында тексеріп қайтты. Ол «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА маңызын ерекше атап өтті.
«Алтынкөл Еуразиялық құрлықта маңызды рол атқарады.Алтынкөл-Қорғас Орталық Азияның шекаралық қақпасына айналады. Жоба облыс қана үшін емес, Қазақстан қала берді Еуразиялық құрлық үшін де көліктік- логистикалық жүйенің маңызды бір бөлігі бола алады,- деп атап өтті ҚТЖ басшысы.
Қазіргі таңда АЭА-қа көптеген шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Олардың ішінде Hewlett Packard, Toyota, секілді алыс жақын шетелдердің 80-нен астам компаниясы бар.
«Біз осы жерде бизнесін дамыту үшін инвесторларға қолайлы жағдай жасауымыз керек,- деп есептейді А. Мамин.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА опеараторының өкілдерін қолдап отыр. Олардың құрамына әлемдік логистикалық оператор DPWorld кіреді. Аталмыш компаниямен ҚТЖ «Қорғас» және Ақтау халықаралық портын дамыту бойынша серіктестік келісім шартын түзген. Компания DPWorldк технологиясын қазақстандық жағдайға бейімдеуде.
Қазақстанға таяуда Дубайдың кеден органы делегациясы келіп, қазақстандық әріптестерімен бірге кедендік транзиттік жүктерді ресімдейтін IT-платформасын орнатуды жоспарлап отыр. Сол мезетте Алтынкөл мен «Қорғас» АЭА бірыңғай кедендік ресімдеу кешенінің технологиялық байланысы орнайды.
Оның ішіне транзиттік жүктер де кіреді. Ауқымды мақсаттар құрылыс компаниясының жұмысты жеделдетуін талап етеді. Белгіленген нысандар құрылысын барынша тез аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда тар табанды және кең табанды темір жол төсемдері қойылды.
Таяуда құрғақ порт ғимараты пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда оның ішкі әрлеу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы Қорғаста қазақстандық және шетелдік инвесторлар жұмыстарын бастамақ. Таяуда басқарушы компанияның әкімшілік ғимараты пайдалануға берілмек. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті инвесторларды тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық нысандарға тарту жайын да қозғады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»