• Басты
  • Қарағанды облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жалыны» эстафетасы өтуде

Қарағанды облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жалыны» эстафетасы өтуде

17 Сәуір, 2015 09:41
Ақпан айының соңында Қарағанды облысында 9-мамырда аталып өтетін әйгілі датаға байланысты «70 жылдыққа 70 күн» атты жастар акциясының аясында «Жеңіс жалыны» атты эстафета өткізілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Эстафетаға қатысушылар 70 күн бойы Жеңіс жалынын салтанатты түрде Қарағанды облысының елді мекендерінің көшелерімен алып жүреді.

Мерекелік шараның бағыты бойынша оған қатысушылар 7 қала мен 3 ауданды аралайды. Қарағанды қаласының жауынгерлік даңқ мемориалының Мәңгілік жалыннан от алған ерліктің нышаны Балқаш қаласына жеткізілді. Халық жадының жалыны іспеттес нышанды «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Буыржан Мұхамедиев, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Тілеугерей Мақаналин, кикбоксингтен Әлем кубогының иегері Жомарт Үсен қарсы алды.    

Әкімдік хабарламасында қала мектептерінің жауынгерлік даңқ залдарында 2 күн қатарынан салтанатты жиындар өтетіндігі айтылған. Балқаштықтардан соң эстафетаны Шет ауданының өкілдері қарсы алады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар