Семейде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті

15 Сәуір, 2015 19:31
Семейде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті, деп хабарлады БҒМ.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәнерлеп оқушылардың көптілді байқауы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Іс-шараға «Құқықтану», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шет тілі: екі шет тілі», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» және академиялық ұтқырлық бойынша оқып жүрген Оңтүстік Корея студенттері қатысты.

Іс-шара барысында қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдеріндегі патриоттық рухтағы өлеңдер оқылды. Нәтижесінде Бексолтанова А.(I орын), Ли Хен Жун (IIорын) және Оралбекова А. (III орын) жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Барлық жаңалықтар