Астанада 6-шы «Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы өтуде

15 Сәуір, 2015 10:08
Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында «Қазақмыс» копорациясы 6-шы «Қазақстандық өсім жасаймыз» форумын өткізуде. Шараға 315 қазақстандық өндірістік компания, 755 ірі компания өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері мен салалық мемлекеттік ведомстволар мен даму институттардың өкілі қатысады.

Спикерлер компаниялардың даму стратегиясы бойынша  бірқатар маңызды мәселелерді қарастырады. Ол қазақстандық өндірушілер мен  шағын және орта бизнесті дамытуды қолдауға бағытталған.

«Қазақмыс» жергілікті қамтуды дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда.

2014 жылдың 12 айының ішінде корпорация қазақстандық кәсіпорындардан 167,8 млрд теңгенің тауары мен жұмысын сатып алды, жергілікті қамту үлесі 69 пайызды құрады, ол 2013 жылы 67 пайызды құраған болатын.

Сондай-ақ, «Қазақмыс» Жезқазған және Балқаш өңірлерінде кәсіпкерлер мен өнеркәсіп қауымдастығына қолдау көрсетуде. Оның құрамына 115 шағын және орта кәсіпкерлік кіреді, олардың құрамында 4,3 мың адам жұмыс істейді.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар