- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қостанай облысында өңірлік инновациялық орталық жобасы жүзеге асырылуда
ИИДМБ: Қостанай облысында өңірлік инновациялық орталық жобасы жүзеге асырылуда
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен Өңірлік инновациялық орталығын ашу жөніндегі жоба уақыт талабына сай сапалы білім беру-өндірістік одағын құрудың айқын дәлелі болып табылады.
«Жоба екі кезеңде іске асырылады: І кезең – БЖК-2020 бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаумен «Технологиялық процестерді моделдеу және пайдалану» Оқу-өндірістік зертханасын құру» 2013 жылы бастауын алып, 2014 жылы аяқталды. Нәтижесінде зертхана жоғары технологиялық металл өңдеу өнеркәсіптік және СББ оқу станоктарымен, робототехникамен, 3D-принтермен, 3D-модеммен, компьютерлік сыныппен жабдықталды. Зертхана мамандары Германия мен Ресейде біліктіліктерін арттырып келді», - делінген хабарламада.
Үстіміздегі жылы жобаның ІІ кезеңі іске асырылуда – Өңірлік инновациялық орталығын (ӨИО) құру. 2015 жылдың 4 ақпанында ҚИнЭУ, «АгромашХолдинг» АҚ Қостанай филиалы мен «СарыАркаАвтоПром» ЖШС арасында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында Өңірлік инновациялық орталығын (ӨИО) құру туралы келісім жасалды.
Жоба мақсаты – машина жасау өндірісіне заманауи технологияларды енгізу, жоғарғы білім беруде оқытудың дуалды жүйесін енгізу, мамандарды инновациялық құрал-жабдықпен (СББ станоктарында) жұмыс жасауға үйрету, инженерлік және жұмыс мамандарының біліктілігін жоғарлату арқылы еңбек өнімділігін арттыру, қазақстандық құрамын өсіруге себеп болатын жоғарғы технологиялық өнімін өндіру.
Жоғары аталған курстарын өткізу тек біздің өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары ғана емес, сондай-ақ Ақтөбе және Қостанай облыстарының («Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС және «Евраз Каспиан басқа да кәсіпорындар мамандары қызығушылық танытты.
Айта кетейік, Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында Облыс әкімінің 2013 жылғы өкімімен Өңірлік инновациялық жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар өндіріс, білім беру және ғылымның өзара тиімді ұйымдастыруына бағытталған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр