- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемелерін 7%-ға және 10%-ға субсидиялауға өтінім қабылдауды бастады
«ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемелерін 7%-ға және 10%-ға субсидиялауға өтінім қабылдауды бастады
«Бағдарлама талаптарына сәйкес, айналым қаражаттарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелері жылдық 7%-ға төмендейді, өз кезегінде, мал шаруашылығы және жемшөп шаруашылығы салаларындағы ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтар сатып алуға жасалған шарттар бойынша пайыздық мөлшерлеме 10 %-ға төмендейді (егер қарыз алушының кемінде 50 шартты бас а/ш жануарларының болуы туралы немесе жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланатын жер телімдерінің болуы туралы құптайтын дәлел болса)», - делінген хабарламада.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ меншікті өз қаражаты мен тартылған қаражаттары есебінен жасалған лизинг/қарыз шарттары субсидиялауға жататынын айтып кеткен дұрыс.
Субсидиялар Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде беріледі. Субсидия берудің толығырақ талаптары, тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қабылдау және шешім қабылдау тәртіптері «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы №9-1/613 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген.
Айта кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылғы құрылған. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция