- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында БЖК бойынша 142 млн теңгенің 10 жобасы қаржыландырылды
Қызылорда облысында БЖК бойынша 142 млн теңгенің 10 жобасы қаржыландырылды
Аймақта белсенді кәсіпкерлердің 80 пайызы Қызылорда қаласында болса, қалған 20 пайыз аудандарға тиесілі. Сол себепті де ауылдық жерлерде кәсіпкерлер санын көбейту керектігі айтылды. Өткен жылы ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 53 млрд. теңге бөлінген.
2014 жылы бизнесті дамытуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Өткен жылы өңірге мемлекеттік бағдарламалар аясында 17 млрд. теңге бөлінгенін айтады. Оған мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Ал, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға былтыр 1 млрд. 445 млн. теңге қаралған. Аудандарда бұл бағыт бойынша жалпы құны 142 млн. теңгені құрайтын 10 жоба субсидияланды.
Аймақтың әлеуетін арттыру үшін отандық өнімді экспортқа шығару маңызды. Осы орайда өңірдің негізгі дақылы саналатын күрішті эксспорттап, ет өнімдерін шетелге шығару жолдарын қарастыру сөз етілді.
Негізінен, Қызылорда облысында ауылшаруашылық өнімдерін әртараптандыру жүйелі жүргізілуде. Осының нәтижесінде негізгі дақыл бойынша рекордтық өнім алынды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен басқа да дақылдарды егуге жағдай жасалуда. Оларға берілетін субсидияның көлемі де ұлғайған. Енді күріштен басқа бақша дақылдарын еккен кәсіпкер мемлекеттің зор қолдауына ие болмақ. Бақша дақылын кәдімгі суармалы әдіспен еккен адамға тиесілі субсидиясы төленсе, ал тамшылатып суару әдісін қолданған еңбек адамына берілетін субсидия көлемі едәуір. Сондай-ақ, жиында мал шаруашылығын дамыту да сөз болды. Қазір облысты буферлік аймақтан шығару үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Егер бұл жоспар биыл жүзеге асатын болса, жылына 100 мың тонна ет экспортқа шығарылады деп жоспарлануда.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді