• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған автокеруен басталды (Фото)

Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған автокеруен басталды (Фото)

15 Сәуір, 2015 20:23
Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі-Мәңгілік ел» автокеруені жолға шықты, деп хабарлады ОІБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Құрамына ғалымдар мен жастар, зиялы қауым мүшелері енген автокеруен Ақмола облысының қалалары мен аудандарын аралайды. Тур барысында мәдени-демалу туралы облыстық шалғай аудандарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын  осы жылы жалпыұлттық деңгейде тойламақпыз.   Мемлекеттіліктің қалыптасуымен байланысқан шара ортақ құндылықтар – тұрақтылық, бейбітшілік, келісімді насихатайды», - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Айта кетейік, 2015 жылы тарихи мерейлік шараларға толы болып отыр. Олар : Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚХА-ның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы. Автокеруен мерейлік шаралардың дауылпазы ретінде болмақ. Бұл шара  ақпараттық және мәдени шаралардың туры.

 

Барлық жаңалықтар