• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Құлыбаев: Ұлттық палата Қостанай облысында ИИДМБ аясында жүзеге асырылатын жобаларды қолдайды

Т.Құлыбаев: Ұлттық палата Қостанай облысында ИИДМБ аясында жүзеге асырылатын жобаларды қолдайды

15 Сәуір, 2015 09:53
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қостанай облысында Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылатын жобаларға сервистік қызмет көрсетеді. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.

ҰКП басшысы Қазақстанда бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың бар екендігін, ал даму институттары жаңа жобаларды қаржыландыруға дайын екендігін айтты. Қостанай облысында олар тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу болуы керек, өйткені бизнес өкілдерінің сөздерінше, өңірде аталмыш салаларға деген сұраныс жоғары.  

«Ұлттық палата аймақтарда дайындалып жатқан жобаларға сервистік қызмет көрсетумен айналысатын болады. Бірге дайындап, бірге жүзеге асырамыз. Жер, инфрақұрылым сияқты әкімдіктерге қатысты мәселелерді олар шешеді. Мен Қостанай облысында әкімдік жаңа кәсіпорындар үшін индустриалды аймақтарды дамытуға бейіл екендігін білемін»,-деді Т.Құлыбаев.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының Аймақтық кеңесінің төрағасы Василий Розиновтың айтуынша, қайта өңделетін жаңа өндірістер ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттырып қана қоймай жергілікті тұрғындардың өмірінің сапасын да өсіреді.      

ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар мен Ұлттық компанияларды сатып алу түрінде қолдау көрсетпек және олардың құны 9 триллоин теңгені құрап отыр. Осылайша, бизнес өкілдерін мемлекеттік сатып алулар кезінде басымдықтар беру арқылы тапсырыспен қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетіледі.    

«Бірінші кезекте отандық өнімдердің сатып алынғаны маңызды. Сатып алулардың қолжетімді баға мен жоғары сапалы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі жағдайында өтуі тиіс екендігі түсінікті. Ол үшін ұлттық палата кәсіпорындарға ұзақмерзімге бағытталған келісім жасап, оның орнына жеке өндірісті жаңғырту мәселесін ұсынып отыр»,-деді «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы.

  

 

Барлық жаңалықтар