- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының оныншы кездесуі өтті
Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының оныншы кездесуі өтті
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі терроризм, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Онда делегация басшылары сөз сөйлеп, ШЫҰ Аймақтық тероризмге қарсы құрылымы жетекшілігінің 2014 жылдың екінші жартысы мен 2015 жылдың бірінші жартысында атқарған істеріне қатысты баяндамасы тыңдалды.
Шығып сөйлеушілер өз мемлекеттеріндегі құзырлы органдар тарапынан қолданылып отырған ШЫҰ аясындағы және есірткінің заңсыз айналымымен, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен, киберқылмыс пен кибертерроризммен күреске қатысты шаралар туралы хабарлады.
Қазақстандық делегацияның басшысы, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев өзінің баяндамасында әріптестерін ШЫҰ 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясының жобасын келісуді жеделдетуге шақырды. Сондай-ақ ол осы жұмыс барысында басты назарды діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске, экстремистік көзқарастармен идеяларға әсіресе жастар арасында қарсы үгіт жүргізуге, есірткі бизнесімен күрес саласындағы ынтымақтастыққа аударуға шақырды.
Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанда маусым айында өткізілуі жоспарланып отырған ШЫҰ мүше мемлекеттердің құтқару қызметтерінің халықаралық оқулары азаматтық қауіпсіздікке төтенше жағдайда шара қолдану жүйесін нығайтуға айтарлықтай үлес қосатындығына сенім білдірді. Мәскеудегі кездесудің ерекшелігі жиынның пленарлық отырыстарына ШЫҰ байқаушы мемлекеттері болып табылатын Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан сияқты мемлекеттердің қауіпсіздік қызметінің өкілдерін қатыстыру болды.
Жиын барысында аталмыш тәжірибені болашақта да қолдану қажеттігі жөнінде пікір білдірілді.
Аталмыш шара басталардан бұрын оған қатысушы мемлекеттердің делегация басшыларын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қабылдады.
Кездесу аясында Н.Ермекбаев ауғанстандық, қырғызстандық, ресейлік, және тәжікстандық әріптестерімен екіжақты консультациялар өткізді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі