- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Ә. Құсайынов Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті
Кандидат Ә. Құсайынов Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов мекеме жұмысшыларын өз сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов атап өткендей, экологиялық проблемалар күрделі әрі өзекті болып табылады.
«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл» орта осалданып барады.
Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу ең басты міндетімізге айналуы тиіс», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті.
Мысалға, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған.
Бүгінде, бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша, 21,9 гектарға тең. Ал Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл өте күрделі мәселе», - деді Ә.Құсайынов.
Кандидат 19 ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылынып бара жатқанын мәлім етті. 20 ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», - деді Әбілғазы Құсайынов.
Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама. Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің туралы алаңдатады.
«Экология – біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек», - дейді кандидат.
Өз сөзінде Ә.Құсайынов әрбір азаматты экология мәселесіне белсене араласуға шақырды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұснату идеясын насихаттауда азаматтық қоғам өкілдерінің рөлі орасан. Қоғамдық ұйымдар бұл жұмысқа білек сыбанып кірісуі керек.
Экология мен табиғатты қорғау мәселесінде азаматтық белсенділікті дамыту қажет.
Адамдар саналы түрде экологиялық тепе-теңдікті сақтап, табиғаттың шынайы келбетін сақтау қажеттілігін сезінулері керек.
Сонымен қатар колледж ұжымымен кездесуде Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Р.Жоламан экологиялық проблемалардың өзектілігі мен оларды дер кезінде шешудің маңыздылығына тоқталды.
«ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов экология мен биологиялық әртүрлілікті сақтау маңыздылығына назар аудартуды көздейді.
Сондай-ақ ол экологиялық білімге де үлкен мән беріп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде міндетті пән енгізе отырып, экология мен оның қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар тұрақты экологиялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы білім берудің маңызды қадамдары болып табылады.
Біз жастайынан балаларымыздың санасына экология, қауіпсіз және экологиялық дұрыс өмір сүру туралы қарапайым ұғымдарды сіңіріп, табиғатты және қоршаған ортаны күтіп, қорғауға тәрбиелеуіміз керек», - деді Р.Жоламан.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды