- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Атырау облысының еңбек ұжымы және активімен кездесті
Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Атырау облысының еңбек ұжымы және активімен кездесті
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, мәдениет пен өнер саласының өкілдері бар.
Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін «Жайық» спорт сарайына облыстың мыңдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөздерінде олар Қазақстанның табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.
Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелерінің Атырау облысының еңбек ардагерлерімен кездесуі болды.
Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өңірдің құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет басшысы саясатының әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты.
«Мемлекет басшысының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылды, соның арқасында әлемдегі түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан, біздің еліміз үшін ерекше маңызы зор бірегей жәдігерлер табылып, Қазақстанға әкелінді», - деді Ілия Жақанов.
Өз кезегінде еңбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақстандықтардың – ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамбеясының атқарып жатқан қызметінің зор екенін атап өтті.
«Ассамблеяның әр сессиясында, әр форумында біздің Елбасымыз бейбітшілікті, келісім мен халықтардың бірлігін үнемі жақтаумен келеді. Біздің бәрімізге – ұлы Лидеріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңайына топтасқан – бір ұлт екенімізді түсінудің маңызы зор», - деді Любовь Монастырская.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерімен жүздесті. Ұжымның атынан зауыт қызметкері Әлфия Гумерова сөз сөйледі. Ол еңбек адамының қажеттілігін Мемлекет басшысының біреулерден есту арқылы ғана білмейтінін және еліміздегі барлық еңбеккерлердің оның қамқорлығын сезетінін атап өтті.
«Елбасы біздің аймақтың дамуына әрқашанда ерекше көңіл бөлді. Бүгінгі күні біздің зауытта екі көлемді инвестжоба – хош иістелген көмірсутегі өндіру және тереңде өңделетін мұнай өнімдерін өндіру іске асырылуда. Зауыт заманауи үлгілер бойынша жабдықталған, жаңа технологиялар енгізілуде. Біздің аймаққа көптеген миллиард инвестициялар тартқан Нұрсұлтан Назарбаев болмағанда, осының бірі де болмас еді», - деп атап айтты Ә.Гумерова.
Зауыт жұмысшылары да Еңбек Адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты.
«Өндіріс цехының жұмысшысы ретінде мен жыл сайын бізде жаңа жұмыс орындарының пайда болуының, еңбек жағдайының жақсаруының, жетістіктерміздің артуының куәсімін. Осының бәрі біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады, сондықтан да мен өз отбасымның игілігі үшін, яғни, еліміздің игілігі үшін еңбек етемін және менің елімнің гүлдене түсуі үшін Елбасына дауыс беремін!», - деді Атыру мұнай өндіру зауытының хош иістелген көмірсутегі өндіру кешенінің операторы Қасиет Лұқпанов.
Кездесулер барысында Атырау облысының халқы алдағы сайлауда өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы