• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елші Ж.Түймебаев Елбасына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы туралы баяндады

Елші Ж.Түймебаев Елбасына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы туралы баяндады

14 Сәуір, 2015 17:53
Елбасы Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен даму келешегі туралы баяндап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында бұл сапар қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі нығайту және оның аясын кеңейту ісіне қосымша серпін беретіні атап өтілді.

Соңында  Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар