• Басты
  • ҚХА үлгісі билік пен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан алғанда тиімді

ҚХА үлгісі билік пен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан алғанда тиімді

14 Сәуір, 2015 17:42
Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісі билік пен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан алғанда тиімді, деді Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ректоры Ефим Пивовар «Қазақстандағы сайлау ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастар тұрғысынан» атты тақырыпта өткен «Астана-Мәскеу» бейнекөпірі барысында.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сабақ алатындай, теңдесі жоқ үлгі. Ол билік пен қоғам байланысы тұрғысынан да алғанда тиімді. Бір жағынан ол қоғамдық ұйым болса, бір жағынан қоғамдық ұйым емес, өйткені оны Президент басқарады. Ассамблеяның Парламентте өзіндік орны бар, яғни ол саяси күшке ие. Бірмезгілде оның мемлекетте үлкен базасы бар, өйткені онда барлық ұлттық бірлестіктердің дауыстары бар. Көпұлттылықты ескеретін болсақ, бұл өте маңызды»,-деді Е.Пивовар.

Сарапшы сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясында басқару органының элементтері бар екендігіне қарамастан, оның этникалық топтармен тығыз байланыста екендігін атап өтті. «Әрине, проблема мүлдем жоқ деуге болмайды. Кез-келген ұлттық қоғамда шешуді қажет ететін мәселелер болады. Ең бастысы осы мәселелердің жедел шешілетіндігінде»,-деді ректор.   

Камила Амирова

 

 

Барлық жаңалықтар