Қытай ЕАЭО елдері үшін қолайлы бағыт болып есептеледі – сарапшы

14 Сәуір, 2015 16:53
Қытай Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін қолайлы бағыт болып есептеледі, деді «Қазақстандағы сайлау Ресей-қазақстан қарым-қатынасы негізінде» атты Мәскеу – Астана бейнекөпірі аясында Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Владимир Тельнов.

«Еуразиялық экономикалық одақ – төтенше әлеуетті үдеріс. Сондықтан да бұл үдерісті тоқтата тұруды қалайтындар баршылық. Даму мәселесі маңызды пішінге ие болды. Біз қазір барлық әлем экономикалық өсім пішінін іздеп отырғанға назар аударуымыз керек. Долларға құрылған пішін өзінің тұрақсыздығын көрсетті», - деді В.Тельнов.

Қазақстанда қазіргі таңда екі бағытқа ден қойылған – индустриялды-инновациялық дамуды жалғастыру және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымдық бағдарламаны дамыту.

«Бізге қазір мега-жобалар қажет. Қытайдың мысалы жарқын үлгі, Жібек жолы – нақты әрі тиімді жоба. Бұл жерде Қытаймен қарым-қатынас орнату қажет», - деді ол.

Айта кетейік, 26 сәуір күні ҚР кезектен тыс президенттік сайлау өтеді.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар