- Басты
- Жаңалықтар
- Литва Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыруын қабыл алды
Литва Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыруын қабыл алды
Сапардың мақсаты – Литва Республикасының өкілдерін Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыру және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылау.
СІМ ақпараты бойынша, сапар барысында делегация өкілдері Литва Үкіметінің Канцлері Альминас Мачюлиспен, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға жауапты Қоршаған ортаны қорғау министрі Кестутис Тречиокаспен және Көлік және коммуникация министрі Рокас Масюлиспен кездесті.
Литва Канцлерімен болған жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық пен Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткявичусьтің биылғы жылдың мамыр айына жоспарланып отырған Қазақстанға сапарына қатысты мәселелерді сөз етті.
Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Литва Республикасының Мемлекет басшысы Даля Грибаускайтеге «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми шақыруын жолдады. Өз кезегінде Литва басшысы Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алды. Энергетика министрлігінде болған кездесуде энергетика саласындағы байланыс пен Литваның жаңғыртылатын энергия саласы бойынша жобаларына қатысты мәселелер талқыланды.
Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің баламалы энегрия көздерін дайындау мен пайдалануға тың серпін беріп, осы саладағы ең үздік деген технологиялардың таныстырылымын жасап, энергетикалық тиімді бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Естеріңізге саламыз, қазақстандық делегация 15-сәуір күні Латвияға барады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады