• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сингапурлық кәсіпкерлерге Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы Астанадағы форумда ұсынылады

Сингапурлық кәсіпкерлерге Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы Астанадағы форумда ұсынылады

14 Сәуір, 2015 19:27
2015 жылдың 15-сәуірі күні Астанада қазақстандық-сингапурлық бизнес-форум өтеді, деп хабарлайды KAZNEX INVEST компаниясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық және сингапурлық бизнес қауымдастықтарының өкілдері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқыға салады. Шараны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі» акционерлік қоғамы мен Сингапурдың бизнес федерациясы ұйымдастырады.

«Сингапур тарапын 8 бизнес-делегация өкілдері ұсынады. Олар Leung Kai Fook Medical, Megaton Shipping Pte Ltd, Rutledge, Arise Global, Kenetics Innovations Pte Ltd сияқты өзге де ұжымдар»,-делінген хабарламада.   

Шараның бағдарламасында: Сингапурлық инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы, екіжақты іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру сияқты мәселелер бар.   

Сонымен қатар, қазақстандық және сингапурлық кәсіпкерлердің B2B  форматындағы екіжақты кездесулері жоспарланған.  

 

 

Барлық жаңалықтар