• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2 264,4 млн долларды құрады

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 2 264,4 млн долларды құрады

15 Сәуір, 2015 09:07
2015 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2 262,4 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 19,3%-ға аз, соның ішінде экспорт – 539,0 млн. АҚШ доллары (34,6%-ға аз), импорт – 1 723,4 млн. АҚШ доллары (12,9%-ға аз).

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (50,9% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (19,9%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (15,2%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,9%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 33,5%), минералды өнімдері (21,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,3%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (11,1%) әкелінеді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар