- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Бақытты отбасы» жобасы аясында әкелер форумы өтті
Астанада «Бақытты отбасы» жобасы аясында әкелер форумы өтті
Шараның мақсаты – жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы институтын насихаттау, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру.
Өз кезегінде, қалалық мәслихаттың депутаты, Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Жүсіпова өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу –табысты қоғам құрудың кілті болып табылады деп есептейді.
«Әр бала – отбасының, әр азамат – мемлекеттің көрінісі» деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан да отбасы институты мен құндылықтарды қолдау барлық уақытта да өзекті. Бала тәрбиесі – жеңіл жұмыс емес, онда әкенің де, шешенің де қатысы теңдей болуы тиіс. Әсіресе, әкенің рөлі өте маңызды, өйткені ол баласы үшін еліктеудің нағыз үлгісі және ең басты кеңес берушісі. Біз өз мектебімізде әкелерді ата-аналар жиналысына және басқа да іс-шараларға тартуға тырысамыз», - дейді Зәуре Жүсіпова.
Қатысушылар отбасы институтын дәріптеу және сондай-ақ әкелерді балалар тәрбиесі үдерісіне тарту үшін осындай іс-шараларды өткізудің уақыты пісіп-жетілгенін атап өтті.
Айта кетейік, «Бақытты отбасы» жобасы отбасы институтын, адамгершілікті, отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы руханилықты нығайтуға арналған. Жоба аясында партия филиалдарында 130 тақырыптық қабылдаулар өткізіліп, 180 мыңға жуық отбасыға кеңес берілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру