• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды

ҚР-да дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды

14 Сәуір, 2015 15:52
Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында әкімдіктер, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменттері мен фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандумдарға қол қойылды.

2015 жылғы 30 наурызда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылған болатын.

Министрлік хабарлағандай, бұл құжатқа қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар   және  бөлшек  сауданың  өкілдері  2015  жылғы 1 наурыздағы деңгейінде бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, қабынуға қарсы, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар, антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер және дәкелер.

 

 

Барлық жаңалықтар