- Басты
- Жаңалықтар
- 200-ден астам әскери қызметші курстық даярлықты аяқтады (Фото)
200-ден астам әскери қызметші курстық даярлықты аяқтады (Фото)
Қазақстаннның түрлі аймағында Құрлық әскерінде келісім-шарт негізінде әскери қызметін өтейтін курсанттар 5 ай мерзім ішінде жауынгерлік дайындық пен дағдыны үйреніп, өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Курс шеңберінде 600 курсант пен 200 әскери қызметші жаяу әскер соғыс көлігінің механик-жүргізушісі, танкілер, артиллериялық және зенттік құрылымдардың оператор-жолбастаушысы мамандығы бойынша курстық даярлықтан өтті. Қолда бар материалдық-техникалық базаның арқасында, атап айтқанда жаттығу орындары мен оқу әдебиеттері, оқу-жауынгерлік топ техникасы, полигондар мен атыс алаңдары әскерилерге сапалы дағдыны игеріп, теориялық және практикалық білім алуға мүмкіндік берді.
Салтанатты шараны ҚР ҚК Құрлық әскері басқолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықов жүргізді. Ол ҚР ҚК Құрлық әскері басқолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің құттықтауын оқып, дайындық деңгейлерінің жоғары екендігін және алдағы әскери қызметте шыңдалып, табыстарға жетуге тілестестігін жеткізді. Сонымен қатар, курсанттарды гвардияның 30212 әскери бөлімінің командирі полковник Сабыр Каюмов құттықтады.
Дәріс қорытындысы бойынша кіші мамандар әскери техника мен қару-жарақты басқаруға мүмкіндік беретін жауынгерлік мамандық бойынша куәліктер алды. Бітірушілер әскери қызмет өтейтін бөлімдеріне қайта оралып, жақын арада өз міндеттерін орындауға кіріседі.
Айта кетейік, дене тәрбиесі, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлық бойынша емтиханды үздік тапсырған курсанттар әскери бөлімдерге жіберіліп, алған мамандықтары бойынша кіші маман лауазымында қызметтер атқарады. Оқу орталығында курсанттар білімін толықтырып қана қоймай түрлі сайыстар аясында өздерінің спорттық және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты