• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында ХҚКО-ның мобильді тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде қызмет көрсетуде

Ақмола облысында ХҚКО-ның мобильді тобы мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде қызмет көрсетуде

9 Қазан, 2013 12:07
Ақмола облысында ХҚКО-ның мобильді тобы мүгедектерге үйде қызмет көрсетуде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ынтымақтастық меморандумының 3 бағыты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту үйлестіру басқармасы   мен әлеуметтік бағдарламалар және «Мүмкіндік» оңалту орталығының қолдауымен 1 қазанда мобильді топ пайда болды. Ол 1 топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, ХҚКО-ның қызметкерлері мемлекеттік қызметті электронды портал арқылы алу турасында консультациялар өткізді.

 

Барлық жаңалықтар