- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда бизнес пен атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланды
Павлодарда бизнес пен атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланды
Күн тәртібінде аймақтық Индустрияландыру картасы, мемлекеттік сатып алулар, қазақстандық қамту, кәсіпкерлер проблемасы сияқты кең ауқымды мәселелер бар.
«Аймақтар экономикалық әлеуеті мен географиялық жағдайына байланысты бөлінеді және әр аймақтың өзінің ерекшелігі бар. Дегенмен, олардың барлығында да бірлескен түрде шешуді қажет ететін ортақ мәселелер де бар»,-деді Тимур Құлыбаев.
Оның сөзінше, Паалатаның құрылуының арқасында бизнес пен атқарушы билік арасындағы барлық деңгейдегі конструктивті қарым-қатынасты жетілдіруге қол жеткізілді. Осындай жағдайды еліміздің аймақтарында да қалыптастыру қажет және кәсіпкерлер палатасы бұл бағытта барлық шараларды қарастыруда. Барлық әкімдіктермен, соның ішінде Павлодар облысының әкімдігімен аймақтардағы атқарушы билік пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың негізгі бағыттары көрсетілген келісім жасалды.
Мәжіліс барысында аймақтың кәсіпкерлері салық төлеу, мемлекеттік тапсырыс, шағын және орта бизнесті субсидиялау, отандық тауарларды саудалау, тауараларды сертификаттау, сияқты мәселелерді көтерді. Мемлекеттік тапсырыстар туралы айта келе ҰКП-ның Төралқа төрағасы өз ісін адал атқаратын тасымалдаушылардың реестрі құрылатындығын айтты. Өз кезегінде ол отандық өнім өндірушілердің мемлекеттік сатып алулар мен жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік тапсырыстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«Қазіргі таңда Индустрияландыру картасына баса назар аудару керек. Бізге жаңғыртумен айналысып, жаңа жобалармен жұмыс істеп, өсімге қол жеткізу керек. Мемлекетте қазір әсіресе, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында отандық тауар өндірушілер қатыса алатын құралдар жеткілікті. Барлық жобаларға қолдау көрсетіледі. Біз жобаларды жүзеге асыруда барлық қызмет түрлерін көрсетеміз және бұл бағыттағы жұмыстар барлық салаларды қамтиды»»-деді Т.Құлыбаев.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді