• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания әскери қызметшілері спорттың 4 түрінен күш сынасты (Фото)

Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания әскери қызметшілері спорттың 4 түрінен күш сынасты (Фото)

14 Сәуір, 2015 19:56
«Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында өтіп жатқан «Дала қыраны – 2015» оқу-жаттығуы барысында Қазақстан, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания армияларының әскери қызметшілері арасында спорттық жарыстар өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Жарыс спорттың 4 түрінен: армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту және эстафета бойынша өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды Қазбриг жеңіп алды, екінші орынды – Ұлыбритания армиясының командасы иеленсе, үшінші орынға АҚШ әскери қызметшілері табан тіреді.

Бұдан басқа армрестлингтен 1-орынды Қазбат бітімгершілік батальонының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі сержант Н.Саябаев, 2-орынды ефрейтор А.Бекенов, 3-орынды – АҚШ армиясының әскери қызметшісі Эрик Трас иеленді. Гір тасын (24 кг) көтеруден капитан А.Спиридонов (ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері) үздік шықты.

Екінші орынды – АҚШ Қарулы Күштерінің өкілі, үшінші орынды – Қазбат бітімгерлік батальонының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі аға сержант Қ.Пазылбеков алды. Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар мен ауыспалы кубок табыс етілді. Наградтау рәсімін Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Руслан Мұздыбаев өткізді.

 

 

Барлық жаңалықтар