• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үндістан өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады

Үндістан өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысады

14 Сәуір, 2015 14:34
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» атты мұсылман ұйымының Президенті Сальман әл-Хусейни ан-Надвимен кездесу үшін Лакнау қаласына (Уттар-Прадеш штаты) сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Мумбай қаласында Заратуштраның мәдени мұрасы Бүкіләлемдік Кеңесінің Президенті, Діни көшбасшылар кеңесінің мүшесі Хоми Буржор Дхаллмен кездесті.

Бұл сапарлардың басты мақсаты аталған тұлғаларға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевтың жолдаған V съезге шақыру қағазын тапсыру болды.

Үндістанның Ислам мен Зороастризмнің құрметті өкілдері осы жылдың  10-11 маусымда Астанада өтетін Съезд жұмысына қатысатындарын растады.

Барлық жаңалықтар