- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда тоғызқұмалақтан ІІІ әлем чемпионаты өтуде
Алматыда тоғызқұмалақтан ІІІ әлем чемпионаты өтуде
Әлемдік деңгейдегі бұл ірі спорттық шара Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отыр.
Әлем чемпионатында төрт құрлықтың 23 елінен келген спортшылар өнер көрсетеді. Атап айтсақ, АҚШ, Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Әзірбайжан, Гана, Германия, Грузия, Италия, Колумбия, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Үндістан, Ұлыбритания, Чехия, Швейцария сияқты мемлекеттерден барлығы 50-ден астам спортшы қатыспақ. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке классика, рапид, блиц бойынша өткізіледі.
Зияткерлік тоғызқұмалақ ойыны соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамып келеді. Дүниежүзілік және Республикалық Тоғызқұмалақ спорты федерациялары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамнан асты.
Тоғызқұмалақ Лондон (2006), Пардубице (2007), Каннда (2009) өткен дүниежүзілік зияткерлік фестивальдары мен олимпиадалардың бағдарламасына енгізілген. 2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Осының арқасында, бүгінгі күні қазақтың ұлттық ойыны бойынша халықаралық жарыстар Германия, Ұлыбритания, Ресей, Швейцария, Чехия, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Антигуа мен Барбуда және т.б. елдерде тұрақты түрде өткізіледі.
Тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионаты 2010 жылы Астана қаласында, ІІ әлем чемпионаты 2012 жылы Чехияның Пардубице қаласында өткендігін еске саламыз.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты