- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде тұңғыш рет Қазақстан ұлттық валютасының және пошталық маркасының көрмесі ашылды
Мәскеуде тұңғыш рет Қазақстан ұлттық валютасының және пошталық маркасының көрмесі ашылды
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі іс-шараны ҚР Ұлттық Банкімен және «Қазпочта» ААҚ-мен бірлесе отырып, Мәскеу қаласының Мәдениет департаментінің және «Манеж» мұражай-көрмелік бірлестігінің қамқорлығымен ұйымдастырды.
Ұсынған көрме Ресейде алғаш рет өткізіліп отыр, сондықтан бұл Мәскеу тұрғындары үшін бірегей оқиғаға айналды.
Экспозицияда ұлттық валютаның 54 түрлі банкноталары, күмістен жасалған 111 түрлі естелік тиындар, «Қазақстанның қызыл кітабы», «Ғарыш», «Қазақстанның салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындар», «Спорт», «Қазақстан халқының ертектері», «Шығыс күнтізбесі», «Самұрық» атты тақырыптар бойынша реттелінген 51 күміс тиындарының жиынтықтары, және басқа да полиграфиялық өнімдер тамашалауға ұсынылған.
Сонымен қатар, көрмеде 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өткеніне, ҰҚКҰ және ШЫҰ халықаралық ұйымдарының құрылуы секілді белгілі саяси оқиғаларға арналған пошталық маркасынан терілген 96 тақтаны көруге болады.
Көрменің ашылуына Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Бүгінгі шағын көрменің, оның көлеміне қарамастан, мазмұны өте зор. Көрме қойылымда тек Орта Азия мен Еуразия өңірінде ғана емес, жалпы әлемде абыройлы орынға ие болған мемлекеттің құрылу тарихы көрсетілген. Сондықтан, осы көрме мен үшін аса қызығушылық тудырды. Әсіресе осы жерде ЕурАзЭҚ мерейтойлық медалін тапқаныма өз басым шын жүректен қуандым. Бұл медаль Алматыдағы ЕурАзЭҚ хатшылығында қызмет еткен жылдарымды және Қазақстанның жаңа елордасы Астана қаласының тұсау кесеріне қатысқан кезімді есіме салды. Астананың бүгінгі өсіп өркендеу үрдісі таң қалдырады. Расында, бұл қазіргі замаңға сай және өз атына лайық қала тек еуразиялық қана емес, әлемдік деңгейге жетті», – деді Г. Рапота.
Көрмені тамашалауға келген РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері департаменті директорының орынбасары (нумизмат) Владимир Спринчан өз пікірімен бөлісті.
«Көрме өте ұнады, одан жақсы әсер алдым. Осыны тек нумизмат болғандықтан ғана емес, Қазақстанда он жылдан астам уақыт қызмет етіп, елді жақсы білгендіктен айтып отырмын. Көпшілік назарына ұсынылған тиындар, банкноталар, маркалар Қазақстанның даму кезеңдерін айқын көрсетеді. Осы тәрізді көрмелер арқылы елдің мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихтағы естелік күндері туралы оңай әрі қолжетімді түрде баяндауға болады. Қазақстан осыған еркеше назар аударатынына бүгінгі күні барлықтарымыз куә болдық», - деді ол.
Іс-шараға қатысқан атақты жазушы, журналист және филателист Кирилл Привалов ұсынылған көрме Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен таныстырып, оны өзгеше және қызық ел ретінде көрсетеді деген пікірмен бөлісті.
«Ұсынылған тақырыптар ішінен маған, әсіресе, екеуі өте ыстық. Біріншісі – Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ортақ ерлігі. Экспозицияда соғысқа қатысқан қаһарман-қазақстандықтарға арнап бір топ маркалар қойылған. Екіншісі – қазақстандық және ресейлік елдеріне ортақ мәдениетке, әдебиетке арналған қойылымдар тізбезі. Көрме ұйымдастырушыларын Мәскеуге әкелген тамаша экспозициясымен шын жүректен құттықтаймын. Менің пікірімше, бұл іс-шара марка жинаушылардың көңілінен шығуы керек», – деп айтты К. Привалов.
Көрме ашылуына, сонымен қатар, РФ Федерация Кеңесінің бұрыңғы мүшесі Валерий Шнякин, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төраға орынбасары Дина Галиева, Қазақстанның Ресейдегі Кеңесші-Уәкілі Виктор Темірбаев, студенттер және қазақ диаспора өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер