- Басты
- Жаңалықтар
- Әйгілі әншілер ҚХА жылының аясында БҚО-да концерттер ұйымдастырды
Әйгілі әншілер ҚХА жылының аясында БҚО-да концерттер ұйымдастырды
14 Сәуір, 2015 20:24
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «70 жылдаққа 70 ізгі іс» акциясының аясында елімізге әйгілі дәстүрлі ән өнерінің майталмандары Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарында концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Концерттік бағдарламалар халық өнерінің нағыз мерекесіне айналды. Мәдениет үйлерінің сахнасында Мұхит, Сартай, Абайдың әндері мен Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтектің күйлері облыстың танымал әртістерінің орындауында әуеледі, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
«Қазақтың дәстүрлі ән өнері – біздің халқымыздың аса бай рухани мұраларының ішінде үлкен орын берілетін өнер. Күй, терме, толғау, жырлар қазақ халқының әлемдік мәдениетке қосқан үлкен үлесі»,-делінген хабарламада.
Осындай концерттік бағдарламалар алдағы уақытта еліміздің өзге де облыстарында өтеді деп жоспарлануда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Абай жылының айшықты тұстары -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды