- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК: ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 44 байқаушы аккредиттелді
ҚР ОСК: ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 44 байқаушы аккредиттелді
Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша төрт халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 44 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 25-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 5-еуі – Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Миссиясынан, 4-еуі - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, сондай-ақ үш байқаушы – Қытай Халық Республикасынан, 2-еуі – Молдова Республикасынан және бір-бірден – Хорватия Республикасы мен Бельгия Корольдігінен.
Осылайша, 2015 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша Ортсайлауком халықаралық ұйымдардың үш Миссиясынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйым (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі және Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы) мен 33 шет мемлекеттен 469 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 31 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 134 өкілін аккредиттеді.
Осы сәтке шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары мен шетелдік БАҚ-тардың өкілдері, барлығы 630 адам аккредиттелді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды