- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысының кәсіпкерлеріне 2014 жылы 31,6 миллиард теңге несие берілген
Қостанай облысының кәсіпкерлеріне 2014 жылы 31,6 миллиард теңге несие берілген
Мәжіліс барысында кәсіпкерлерге екініші деңгейлі банктер тарапынан қаржылық қолдау құралдарына, аталмыш қаржыға деген қолжетімділік мәселелері мен проблемалар талқыланды.
2014 жылы жалпы берілген несиелердің 16,4 пайызы ғана шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген. Яғни өткен жылы оларға 31,6 миллиард теңге несие берілген. Салалық бөліністер бойынша алатын болсақ, несиелендірудің басым бөлігі сауда-саттықтың үлесіне тиеді, бұл бағытқа 69,1 пайыз несие бөлінсе, қайта өңдеу өнеркәсібіне берілген несиелердің көлемі 12,0 пайыз.
Аймақ басшысы Нұрады Сәдуақасов мемлекеттің бизнесті қолдау бағытындағы бағдарламаларымен жұмыс істеуге барлық банктер бірдей белсенділік таныта бермейтіндігін атап өтті. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі қаржы институттарының өкілдеріне облыстың барлық аудандарында өздерінің желісі бойынша филиалдар құру қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ ауылдық аймақтардағы кепілдікке қойылатын мүліктерді бағалау көзқарасын қайта қарау қажет. Қаржы институттарының өкілдері ауылдық аймақтармен жұмыс барысында сол аймақтың ерекшеліктерін ескерулері керек.
«Егер біз бизнесті қолдамасақ, жағдайдың күрделенуі мүмкін екендігін біз жете түсінуіміз керек. Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуларына ешқандай кедергі болмауы тиіс»,-деді Н.Сәдуақасов.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр