• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-ның өлкетанушы-туристер командасы туристер отряды слетінің жеңімпазы атанды

БҚО-ның өлкетанушы-туристер командасы туристер отряды слетінің жеңімпазы атанды

14 Сәуір, 2015 11:26
Оралда «Менің Қазақстаным» атты туристік экспедициялық отрядтардың 6-шы республикалық слеті аяқталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Слетті ұйымдастырушылардың айтуларынша, мұндай кең көлемдегі іс-шараның өткізілу орны ретінде Батыс Қазақстан облысының таңдап алынуы тегін емес. Облыс туристік өлкетану қызметі бойынша жетекші аймақтардың бірі, ал патриоттық тәрбие ісімен мұнда Қазақстандағы 35 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталықтарының 14-і айналысады. Батыс Қазақстан облысының атынан шыққан жас өлкетанушы-туристер осы мәртебені лайықты қорғап, слеттің чемпиондары атанды. Ал екінші және үшінші орындарды жарыста Павлодар мен Алматы облыстарының командалары жеңіп алды.   

Слеттің ашылу рәсімі Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне дейінгі ұзақ жолына байланысты дайындалған театрландырылған көріністен басталды. Көріністе Қазақ хандығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы сияқты айтулы оқиғалар да көрініс тапты.

Облыс әкімі кіріспе сөзінде аталмыш шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде мұндай істердің аса маңызды екендігін атап өтті.

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.   

 

 

 

Барлық жаңалықтар