- Басты
- Жаңалықтар
- «20 ізгі іс» жобасының аясында Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін массаж кабинеті ашылды
«20 ізгі іс» жобасының аясында Оралда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін массаж кабинеті ашылды
«Болашаққа көзқарас» әлеуметтік жобасының аясында шығыс массажының игілігін мүмкіндігі шектеулі 5 азамат көрді. Өзінің осы сала бойынша білімі мен біліктілігін дәстүрлі емес шығыс медицинасының дәрігері және массаж ісінің маманы Виталий Ан үйретуде. Ол Бөрлі аудандық кәріс этномәдени орталығының төрағасы. Массаж кабинетін ашу үшін арнайы бөлме қажет болған, оған кәсіпкер Ахат Иманғалиев қолғабыс еткен.
Ішкі саясат басқармасының мәліметтерінше, қоғамдық ұйым қатарында 160 адам бар, олардың 8-і ғана жұмыс істейтін болса қалғандары, қызығушылықтарына қарай өздеріне қажетті кәсіп тауып жұмыс істеуде. Ал массаж бөлмесінің ашылуы ұйымның өзге мүшелерінің пайдалы істермен айналысуларына мол мүмкіндік тудырмақ.
«Арба» қоғамдық бірлестігінің өкілдері кәріс этномәдени орталығы мен ортақ іске қолғабыс еткен кәсіпкер азаматқа дән риза. «Этномәдени бірлестік өкілдерінің бұл істері «ҚХА-20 ізгі іс» акциясының жарқын көрінісі және ол алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады»,-дейді ұжым өкілдері.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері