Алматы облысының кәсіпкерлері дарынды балаларға қолдау көрсетеді

14 Сәуір, 2015 10:11
Алматы облысынан 10 оқушыға «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінде тегін оқуға мүмкіндік туды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесуге «Haileybury Almaty» мектебінің директоры Крейг Холсалл қатысты. Мектеп директоры өз сөзінде мектепке қабылдау шарттары, оқу бағдарламасы, мектеп ұсынатын мүмкіндіктер туралы айта келе, жоғары сынып оқушылары түсірген «Біздің мектебіміз - біздің әлеміміз» атты презентациялық ролигін ұсынды.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «Haileybury Almaty» мектебіне кәсіпкерлердің есебінен мектептің конкурсынан сүрінбей өткен 10 оқушыны тегін оқыту, оқушы мектепті аяқтағанша оның ата-анасының Алматы қаласында тұруына жағдай жасау да қарастырылмақ.

Барлық жаңалықтар