• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысы Бестамақ станциясының тұрғындарына 3 күн қызмет көрсетеді

«Жәрдем» пойызы Ақтөбе облысы Бестамақ станциясының тұрғындарына 3 күн қызмет көрсетеді

14 Сәуір, 2015 09:54
Ақтөбе облысының Бестамақ станциясында «Жәрдем» кеңестік - диагностикалық пойызының тіркеу бөлімі орналасқан вагонның есігі ашылып, ережелерге сәйкес қабылдау басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Бұл жерде кез-келген аудандық емханалардан табыла бермейтін барлық мамандар бар: жүйке, жүрек ауруларын емдеуші мамандар, оташы, гинеколог және тағы басқалары. Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде нақты диагноз қою үшін талап етілген ультрадыбыстық тексеру және жылдам зертхана да қарастырылған.

«Жәрдем» пойызы қазіргі заманғы медициналық аппаратуралармен жабдықталған емханалары жоқ шалғайдағы селолар мен ауылдардың тұрғындары үшін құрылған. Еске алар болсақ, пойызды 5 жыл бұрын төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан темір жолы» АҚ бірлесе отырып құрған болатын. Жайшылықта ол бекітілген кесте бойынша Қазақстанның батыстағы 4 облысы арасында жүріп тұрады. Биыл поезд Қызылорда облысының Қазалы ауданының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 8 вагоннан тұрады, оның төртеуі – жылжымалы емхана», - дейді медициналық пойыздың аға дәрігері Ермек Самбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне.-

Аға дәрігердің айтуы бойынша күн сайын пойыз-емхана 150-ден 250-ге дейін емделушілерді қабылдайды. Тұрғындар ешқандай кедергісіз білікті мамандардан кеңес және ем алады. Алғаш рет анықталған ауру белгілері және ерекше жағдайлар бірден емделушінің тұрғылықты жеріндегі емханадағы учаскелік дәрігерге жіберіледі.

«Жәрдем» кеңестік - диагностикалық пойызында бірнеше жыл қатарынан медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан оташы Сағындық Буребаевтың бақылауы бойынша қаралушылардың жай-күйлері 4-5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда жақсырақ. Бұл жолы қиын жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен, алғаш рет қаралушыдан асқазан ойық жарасы анықталып отыр. Қаралушыға мамандар тиісті кеңес және ауруханада жатып емделуге жолдама берді.

Кезектерін күтіп тұрғандармен қысқаша әңгіме барысында шығарылған қорытынды: «Жәрдем» медициналық пойызы өте қажет, ыңғайлы және қалаулы. Келушілерді көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылығы және ақысыз жасалатыны қызықтырады. Бестамақ станциясы тұрғындарының көпшілігі мұнда барлық отбасы мүшелерімен профилактикалық тексеруден өтуге келді.

«Жәрдем» медициналық пойызы Бестамақ станциясында 3 тәулік бойы мұқтаж жандарға тез арада және білікті көмек көрсететін болады.

 

Барлық жаңалықтар