Талдықорғанда ректорлар «Білім аллеясын» ашты

14 Сәуір, 2015 10:41
Талдықорғандағы «Жастар» саябағында «Білім аллеясы» пайда болып, оған еліміздегі ең беделді университеттердің ректорлары ағаш екті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарына бөлінген әкім грантының болашақ иегерлері – 90 оқушының да отырғызған көшеттері «Білім аллеясының» қатарын толықтырды.  Бұл күні «Жастар» саябағына жалпы саны 100 тал егілді.

Естеріңізге салсақ, ректорлар мен болашақ грант иегерлері  Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен меморандумға қол қою және сертификаттар тапсыру рәсіміне келген болатын.  

Барлық жаңалықтар