• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-дағы жаңа жоспар автомобиль кластері қызметін жетілдіруге ықпал етеді

ШҚО-дағы жаңа жоспар автомобиль кластері қызметін жетілдіруге ықпал етеді

14 Сәуір, 2015 09:36
Шығыс Қазақстан облысында халықаралық талаптар негізінде автомобиль кластерін дамытуға бағытталған шебер-жоспар дайындалуда. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, олардың арасында «Азия авто Қазақстан» сияқты облыстық басқармалар мен машинақұрылысы кәсіпорындарының өкілдері бар, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Тәжірибе алмасу мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс тобының өкілдерімен бірлесіп, автомобиль секторын дамытуда үлкен тәжірибесі бар «ПрайвотерхаусКуперс» (PwC) ірі халықаралық консалтингтік компаниясының өкілдерімен жүздесті.  

«Шебер-жоспар Шығыс Қазақстан облысының автонарығына терең талдау жасау, автоөнеркәсіп саласындағы қазіргі және болашақта жүзеге асырылатын жобаларды бағалауды қарастырады. Жұмыс нәтижесі бойынша автомобиль құрамдарының жергілікті өндірісін өндіру және автоөнеркәсіпті қолдау мен мемлекеттік реттеу шараларына қатысты нақты мерзімі мен тізімдері бойынша ақыл-кеңестер беріледі»,-делінген хабарламада.

Аталмыш жоспар автомобиль кластерінің қызметін ұзақмерзімде жетілдіруге ықпал ететін болады.

  

 

 

Барлық жаңалықтар