- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Аустриядағы елшісі Форарльберг федералды жеріне сапармен барды
Қазақстанның Аустриядағы елшісі Форарльберг федералды жеріне сапармен барды
Сапар шегінде федералды жердің саяси басшылығы және іскер топтарымен, атап айтқанда, жер басшысы М. Вальнер, Жер парламентінің президенті Х. Зондереггер, Өнеркәсіпшілер бірлестігінің президенті Х. Берч және Экономикалық палата Президенті М. Райнмен кездесулер өтті.
Аталған кездесулер барысында аустриялық тарап Қазақстандағы саяси және экономикалық ахуал, ҚР Президенттік сайлау кампаниясының іске асырылуы, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырылуы, инвесторларды қолдау шаралары мен 2015-2019 жылдарға жаңа индустриализация бағдарламасы, Алматыда қысқы Универсиада-2017 ойындарына дайындық және 2022 жылы қысқы олимпиядалық ойындар өткізу сұранысын ілгерілету туралы хабардар болды.
Аустриялық тарап Қазақстанның қарқынды дамуын оң бағалап, ҚР-мен ықпалдасу мүмкіндіктеріне зор қызығушылық білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына үміт артты.
Сонымен бірге, Қ. Сарыбай Қазақстанмен ынтымақтастықты орнатуға мүдделі Форарльбергтің «Doppelmayr» және «Bertsch Group» жетекші индустриалды компанияларында болды.
Сапар нәтижесінде Форарльберг федералды жерінің саяси және іскер топтарымен байланыс орнатылды, ҚР областарының біреуінФорарльберг федералды жерінің ынтымақтастық серіктесі ретінде белгілеудің негізі салынды. Сапар, сонымен қатар, аустриялық тараптың Қазақстанмен ынтымақтастық жолдары туралы хабардар болу деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Antikor Live: Иордания елшісі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибемен бөлісті -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді