- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Орал кәсіпорындарының ұжымымен кездесті
Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Орал кәсіпорындарының ұжымымен кездесті
Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Азаматтық альянстың президенті Артур Платонов, ҚР Парламенті депутаттары мен ақын Ақұштап Бақтыгереева, спорт ардагері Амин Тұяқов бар.
Күннің бірінші жартысында РҚШ мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында президенттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында компания өзге қазақстандық компаниялар сияқты белсенді түрде дамуда.
«БҚМЖС» АҚ қызметкерлері «Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен индустриялық даму саласында толағай табыстарға жетті. Жаңа инновациялардың енуі мен кәсіпорындардың жаңғыртылуы – Елбасы жүргізіп отырған саясаттың жемісі» деді.
«Елбасының есімі Қазақстанның жетістіктермен тығыз байланысты. Сондықтан да халық үшін бейбітшілік пен келісімнің рөлі өте маңызды. Мұның барлығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қамтамасыз етті», - деді «БҚМЖС» АҚ жұмысшысы Татьяна Пантелеева.
РҚШ мүшелерінің кезекті барған нысандары облыстың ірі ЖОО-лары – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті. ЖОО жыл сайын 5000 түлекті дайындайды.
«Сапалы білім беру мен жастарды қолдау әрқашан Елбасының назарында. Оның жарқын мысалы Елбасы тағайындаған «Болашақ» халықаралық стипендиясы, ол шетелде мемлекет есебінен білім алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да Қазақстан жастары Елбасына қолдау көрсетеді», - деді БҚАТУ Зәмзагүл Сұлтанова.
Күнің екінші жартысында РҚШ мүшелері «Акас» Агрофирма» тауарлық-сүт фермасының жұмысшыларымен кездесті. Сондықтан да біз Елбасына дауыс береміз», - деді ферма жұмысшысы Әлия Жұмашева.
РҚШ мүшелері сондай-ақ облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Өңірде бейбітшілік пен келісімде 90-нан астам этностың өкілдері өмір сүруде, 48 этномәдени бірлестік өз қызметін жүргізуде. ҚХА мүшелері Қазақстан жеріндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының баға жетпес рөлін ерекше атады. Олар өздерін Елбасының негізгі халықтық тірегі санайды және 26 сәуірде барша қазақстандықтарды жалғыз дұрыс таңдау – бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық пен гүлдену үшін, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беруге шақырады.
-
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды -
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр