- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары талқыланды
Астанада әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары талқыланды
ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ү.ж. қаңтар-наурызындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы мәлімдеді.
«Алдын ала бағалау бойынша есептік кезеңдегі ЖІӨ өсімі 2,2%-ды құрады, тауарларды өндіру көлемі 100,8%, қызмет көрсетулердің НКИ – 103% деңгейде қалыптасты», - деп мәлімдеді Е.Досаев.
Жыл басынан бері инфляция өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 3,3% кезінде 1,1%-ды құрады.
Азық-түлік тауарларының бағалары 1,6%-ға, ақылы қызметтер - 2,2%-ға артты. Тағамдық емес тауарлардың бағалары 0,6%-ға төмендеді.
Е.Досаевтың мәліметінше, еліміздегі құрылыс көлемі 101,9% құрады. Құрылыс жұмыстары көбіне Алматы облысында – 44,3% өсім, СҚО-да – 29,9%, БҚО-да - 28,2%, Астанада – 23% белсенді жүргізілді. Павлодар және Қарағанды облыстарында құрылыс көлемдері айтарлықтай қысқарды.
«Еліміздің халықаралық қорлары наурыздың соңына 98,8 млрд. АҚШ долларын құрап, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыра бастағандықтан және экономиканы қолдауға қатысты мақсатты трансферттердің арқасында Ұлттық қордағы шетелдік валютадағы активтерді 5,2%-ға қысқарту есебінен өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді. Ұлттық банктің алтын валюталық активтері 29,1 млрд. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға өсті», - деп атап өтті Е.Досаев.
«Республикалық бюджетке түсімдер 2015 жылдың 1 сәуіріне 1 трлн. 423,4 млрд. теңгені құрады және 94,3%-ға орындалды. Жеткіліксіз түсімдер республикалық бюджеттегі қаражаттың жеткілікті болуына қатысты Ұлттық қордан кепілді трансфертті толымсыз тартумен байланысты. Ү.ж. 1 сәуіріне жалпы 1 трлн. 554,1 млрд. теңгені құрады және 97,6%-ға орындалды. Республикалық бюджет тапшылығы 130,7 млрд. теңгені құрап, ішкі көздер есебінен толығымен қаржыландырылды», - деп толықтырды Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.
ҚР индустрия және даму министрі Әсет Исекешевтің мәліметінше, ү.ж. бірінші тоқсанында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,6%-ға, оның ішінде тау-кен өндірісі саласында – 1,1%-ға, өңдеуші салада – 0,5%-ға өсті. Өнеркәсіп мекемелерін қолдау жоспарымен есептік кезеңде металлургия өнеркәсібінің 25 кәсіпорны, машина жасауда – 20, химия өнеркәсібінде – 8, құрылыс индустриясында – 10 кәсіпорын қамтылған.
ҚР энергетика министрі Владимир Школьниктің жедел мәліметі бойынша ү.ж. бірінші тоқсанында мұнай және конденсат өндіру 20,3 млн. тоннаны немесе өткен жылға 100,9% құрады. 3,1 млн. тонна мұнай өңделді, бұл 2014 жылғы өңдеу деңгейінен 9,5%-ға аз.
«Жалпы нарықтағы жағдай қалыпты, тапшылық байқалмайды», - деп сендірді В.Школьник.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін МЖС енгізу мәселелері туралы ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов баяндады.
Бүгінгі таңда республикада 8,5 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1,5 мыңы немесе 17,2% жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды. Онда 727 мың бала білім алады, деп хабарлады БҒМ басшысы.
«2015 жылға барлық облыстармен меморандумдар жасалды, олардың аясында қосымша 12,5 мың орынға 139 балабақша пайдалануға беру туралы келісімдерге қол жеткізілді», - деп хабарлады А.Сәрінжіпов.
А.Сәрінжіпов аталған саланы жетілдіру мақсатында БҒМ инвесторлармен бірге сәйкес ұсыныстар жасағанын атап өтті. Атап айтқанда, концессиялық бағдарламаларға заңнамалық түрде концессионерге ұсынылатын қарыздардың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды енгізу; қатысушылар арасында қауіп-қатерлерді бөлу үшін көп жақты келісім-шарттар жасау іс-тәжірибесін енгізу және басқалары ұсынылды.
Отандық өндірушілерді және экспорттаушыларды ҚДБ арқылы жеңілдікті несиелендіру туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
«Басқару кеңесінің шешіміне сәйкес Ұлттық қор «Бәйтерек» холдингіне отандық экспорттаушылар мен өндірушілерді қолдауға 85 млрд. теңге, оның 70 млрд. теңгесін 2015 жылы және 15 млрд. теңгесін 2016 жылы бөледі.
Оның айтуынша, 20 млрд. теңгені автокөлік өндірушілерін қолдауға, оның ішінде 15 млрд. теңге жеке тұлғаларды автонесиелеуге, 5 млрд. теңге заңды тұлғалар үшін лизингтік схемаларға бағыттау жоспарланған. 50 млрд. теңгеге жуық қаражат экспорттаушыларды қолдауға, 10 млрд. теңге тікұшақ өндірушілерді қолдауға, 5 млрд. теңге – жолаушы вагондарына бөлінеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»