- Басты
- Жаңалықтар
- 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы Өскеменге жеткізілді
72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы Өскеменге жеткізілді
ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, салтанатты шараға 5511, 6699 әскери бөлімдері мен «Шығыс» Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен мерзімді әскери борышын өтеушілері, ардагерлер мен билік өкілдері қатысты. Республика алаңында ҚР әнұраны шырқалып, Жеңісті жақындатқан 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ерлігі аталып өтті.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралар елімізде, оның ішінде облысымызда жоғары дәрежеде аталып, ардагерлерге барынша лайықты құрмет көрсетіліп келеді. Бүгінгі шара – мерейтойдың ерекше көрінісі деп есептейміз.Әрқашан да байрақ көкке көтерілген кезде жауынгерлердің рухы оянған. Сондықтан жауынгерлік ту әрдайым сарбаздардың рухын көтере берсін», – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Шығыс Қазақстанға келген жауынгерлік тудың көшірмесі Семей және Курчатов қаласы арқылы Павлодар облысына тапсырылатын болады.
Еске сала кетейік, «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» эстафеталық шарасының ұйымдастырушысы – ҚР Ұлттық Ұланы. Оның басты атрибуты аты аңызға айналған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Жауынгерлік туының көшірмесі. 2015 жылдың 3 ақпан күні әйгілі жалау Астанада ҚР Ұлттық Ұланы 5573 бригадасы алаңында сапарға шыққан болатын. 92 күн ішінде әскери нышан Қазақстанның 25 қаласында болып, 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күні ҰОС 70 жылдығына арналған әскери шеруде желбірейтін болады.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Қазақстан және әлем экономикасы: Пандемия салдарынан туындаған өзгерістер -
COVID-19: Ауруханаларға медициналық перапараттар жеткізілді -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Бауыржан Қарағызұлы, ақын: Абай күні – ақыл күні -
Қ.Тоқаев: Пандемия кезінде туындаған қиындықтарға себеп болған кінәлілерді жауапқа тарту керек -
Сарапшы: Біз жағдай дұрысталғанша шыдамдылық танытуымыз керек -
Алғашқы қазақстандық қарбыз Ресейге жеткізілді