- Басты
- Жаңалықтар
- «Сенің даусың-сенің болашағың» атты ең үздік постерге 50 мыңға жуық Казнетті пайдаланушы дауыс берді
«Сенің даусың-сенің болашағың» атты ең үздік постерге 50 мыңға жуық Казнетті пайдаланушы дауыс берді
«Жобаның аясында онлайн дауыс берулер үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінгі таңда Қазнетті пайдаланушылардың арасында дауыс берушілердің белсенділігі айтарлықтай артқандығын айта кету керек. Дауыс берушілердің жалпы саны бүгінде 50 мыңға жетті»,-деді Д.Есдәулетов.
Оның сөзінше, байқауда бірінші кезекте қалың көпшіліктің пікірі мен таңдауы ескеріледі.
«Бұл байқаудың басында халықтың даусы тұр және бірінші орынды ең көп дауыс жинаған азамат жеңіп алады. Байқаудың әділқазылар алқасы келіп түскен барлық жұмыстарды қарайды, олардың арасынан үздік деген үшеуі таңдап алынады да осы үшеудің ішінен үздіктері марапатталады»,-деді басқарушы директор.
Бұл ретте ол байқауға «Казка» қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің қатысатындығын атап өтті. Олардың атынан да жеңімпаздарға сыйлықтар болады.
«Тағы бір аталымды біз жобаның өзінен алып отырмыз, яғни El.kz жобасынан да арнайы сыйлық болады»,-деді Д.Есдәулетов.
Өз кезегінде «Қаламгер» жас журналистердің төрағасы Айдар Қырықбай гран-при мен үш жеңімпаздың орындарынан бөлек ҚР Орталық сайлау комиссиясының алғыс хаты мен демеушілердің құнды сыйлықтары бар екендігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Сенің даусың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы 17- наурызда басталды. Ондағы еңбектердің авторларының басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Байқау жұмыстарын қабылдау 15-ші сәуірде аяқталып, бұдан соң әділқазылар алқасы ең үздіктерді таңдап, олар 20-шы сәуір күні марапатталады. Байқау «Sailau2015.el.kz» арнайы платформасының аясында «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында өтеді.
Индира Кауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді