• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Сенің дауысың-сенің болашағың» республикалық постерлер байқауына 569 жұмыс келіп түсті

«Сенің дауысың-сенің болашағың» республикалық постерлер байқауына 569 жұмыс келіп түсті

13 Сәуір, 2015 15:48
Бүгінгі таңда «Сенің дауысың-сенің болашағың» республикалық постерлер байқауына 569 жұмыс келіп түскен. Бұл туралы Байқау әділқазыларының төрағасы Қазақстанның суретшілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өсірбеков ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Бүгінде 569 жұмыс келіп түсті, бұл таңқаларлық жағдай. Меніңше, конкурс сәтті өтті, бірқатар қызықты постерлер келді, көпбұрышты композициялардан бастап плакаттық бірліктерге дейін әр түрлі жұмыстар түсті. Сондықтан меніңше 569 жұмыс – бұл жоғары деңгейде өткізілген конкурстың көрсеткіші», - деді  Б.Өмірбеков.

Айта кетерлігі, «Сенің дауысың-Сенің болашағың» постерлер байқауы 17 наурыз күні басталды. Авторлардың көпшілігі – 18-29 аралығындағы жастар. Байқаудың ең жас қатысушысы 14 жаста. Байқау жұмыстары Қазақстанның әр түпкірінен келіп жатыр. Постерлер Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан көп келді.

Өз кезегінде жұмыстарды қабылдау 15 сәуір күні аяқталады. Содан кейін ең үздік постерлер таңдалып, 20 сәуір күні жеңімпаздар марапатталдады. Сауалнама «El.kz» әлеуметтік желісінде «Sailau2015.el.kz» арнайы платформасы аясында өтуде.

«El.kz» талантты жастар мен адамдардың басын қосады. Қазіргі таңда порталда 190 мың адам тіркелген. Әлеуметтік желінің арқасында халық дәстүрі, мәдениеті, қазақ тілі мен қазақстандықтар туралы тамаша туындылар дүниеге келуде. Жобаның әлеуеті шығармашыл идеялар мен блогтарға, сараптамалық материалдарға, фоторепортаждарға негізделген.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар