• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әскери қызметкерлер ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайысқа қатысты (Фото)

Әскери қызметкерлер ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайысқа қатысты (Фото)

13 Сәуір, 2015 20:21
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде кешенді спорт жарыстары өтуде. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған спорттық шарада 70 әскери қызметші бақ сынайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сайысқа жеті спорт түрі енгізілді. Бұл әскери қызметші қыз-келіншектерге арналған күштік жаттығулар, атап айтсақ, (бір минут ішінде, оның 30 секунды аралығында бірнеше рет алдыға еңкейу, екінші 30 секундта – қолды жерге тіреп тұрып бірнеше рет иілу және қайта көтерілу), 9х100м эстафетасы, тас көтеру спорты (24 кг), үстел теннисі, армрестлинг, 4х400м жеңіл атлетикалық эстафета және арқанға өрмелеу.

Ұлттық қорғаныс университетіндегі Дене даярлығы және спорт кафедрасының бастығы подполковник Ерік Әбілжановтың айтуынша, аталған жарыс ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт жаттығуларын дамытумен қатар спорттың әскери-қолданбалы түрлеріне әскери қызметшілерді кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, спорттық тұрғыда дене даярлығын арттыру болып табылады.Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медалдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.

 

Барлық жаңалықтар