- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігінде қаланы абаттандыру мәселесі талқыланды
Астана әкімдігінде қаланы абаттандыру мәселесі талқыланды
Қала басшысы бейберекет сауда қала тұрғындарының наразылығын тудыратын мәселелердің бірі екендігіне тоқталды. Атап айтқанда, бұл жағдай «Артем» сауда орталығының маңында көптеп кездеседі. Қала басшысы сауда нүктелеріндегі антисанитариялық жағдайларды еске салды.
«Мұндай жағдай елордада болмауы керек. Сондай дүңгіршектер қаланың барлық аудандарында бар. Осыған жауапты құрылымдардың басшыларына ескерту жариялаймын. Бұл жұмыс кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, ешкім өз жұмысын өзгеге арта алмайды. Мен бұл жағдайды өз бақылауыма аламын», - деп атап өтті әкім.
Әділбек Жақсыбеков қала әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаладағы бейберекет сауданы жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту үшін енгізуді тапсырды.
Талқылауға салынған тағы бір мәселе – құрылыс нысандарының жағдайы. Әкім олардың сырт келбетіне назар аударды. Лас әрі майысқан қоршаулар, жыртылған баннерлер, ал кей жерлерде олардың орнының бос тұруы да қаланың жеке бөліктерінің көркін кетіріп тұр.
«Құрылыс алаңдары қауіпті нысан болып табылады, сондықтан, жұмыс басталмай тұрып қоршалуы тиіс. Қоршаулардың сыртқы көрінісіне, материалына және құрылысына қойылатын белгілі талаптар бар. МАҚБ басқармасына екі апта ішінде барлық құрылыс нысандары қоршауларын қалпына келтіріп, брендтеуді тапсырамын», - деді әкім.
Жиын барысында қала басшысы елордада бүгін басталаған экологиялық айлық туралы еске салып, жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындарының барлығы қатысуы керек екенін атап өтті. Бұл ретте сайлау учаскелеріне, тұрғын алаптарына, қала маңындағы аумақтарға және базарларға жақын аумақтарды тазалау мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлу керек екенін баса айтты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі